Digital Leader: ЖИ дәуіріндегі оқушының әлеуметтік белсенділігі
Бүгінгі таңда адамзат жаңа дәуірге – Жасанды интеллект (бұдан әрі-ЖИ) дәуіріне аяқ басты. Бұл – технологияның ғана емес, адамның да санасының өзгеру кезеңі. Әлемде білім мен ақпарат бұрынғыдан да жылдам таралып, қоғамның барлық саласы цифрлық форматқа көшіп жатыр. Осындай заманда оқушы тек білім алушы емес, «цифрлық көшбасшы» – яғни ақпаратты дұрыс пайдаланып, қоғамға оң ықпал ететін тұлға болуы тиіс.