26
ноябрь
2019
"Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін" мерекелік кеш
2019 жылғы 25 қазан күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін" атты мерекелік кеш болып өтті. Кеш барысында мектеп директоры Данаева Гүлзат Алимжанқызының ұйымдастыруымен , мектеп түлектерінің және ата - аналардың қолдауымен мектептегі қоңырауды Абай атамыздың сыңғырлаған күйімен соғу іске қосылды. Қоңырау лентасын қалалық білім бөлімінің басшысы М.Қ. Жинақбаева қиды.Мектеп оқушылары Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыса , ағылшын тілі пәнінің мұғалімі , жас маман Құлбосынова Арай Абайдың "Әсемпаз болма , әрнеге" өлеңін үш тілде оқыды. Музыка пәнінің мұғалімі Майра Көшербаеа өз шәкіртімен "Айттым саған, Қаламқас " әнін орындады. Жоғары сынып оқушылары "Абай ауылында " көрінісін сахналады.










































