23
октябрь
2021
"Ән жырымның арқауы Тәуелсіздік" атты патриоттық ән байқауы
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Абай атындағы білім ордасында тағы бір керемет іс -шара көрініс тапты. "Ән жырымның арқауы Тәуелсіздік" атты патриоттық ән байқауы өткізілді. Ереже бойынша оқушылар ата аналарымен немесе ұстаздарымен жанды дауыста ән салды. Тақырыпқа сәйкес барлық қатысушылар патриоттық әндерімен сахна төрінде сән құрды. Бұл байқаудың ерекшелігі әділ қазы алқасына шақырылған қонақтар өз ісінің нағыз мамандары болды. Сахнаның сәнін келтіріп, қазақы көрініс пен отансүйгіштік сезімді әуелеткен анасы мен қызы (Абумуталиева Гузаль, Абдурашитова Бибіайша) бас жүлдені иеленіп бағалы сыйлыққа да қол жеткізді. Барлық қатысушыларға жүлделі орындар, дипломдар мен арнайы сыйлықтар табысталды.




