16
июнь
2017
Соңғы қоңырау 2017 жыл
Осыдан 11 жыл бұрын тарыдай болып мектеп табалдырығын аттаған оқушыларымыз, таудай болып үлкен қияға қанат қаққалы отыр. Мектептегі әр соңғы қоңырау мерекесі – бұл мектеп тарихына көңілді, әрі қуанышты оқиға. 2016-2017 оқу жылында 25 мамыр күні Абай атындағы №26 орта мектеп бітірушілеріне арналған «Қош бол,алтын ұя мектебім» атты салтанатты лездеме өтті. Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұя мектебімен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін қанаттандырды. Биылғы оқу жылында жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 31 оқушы битиргелі отыр. Мектебізде екі оқушы «Алтын белгі» үміткері бар, олар Дәуенова Жазира мен Ыбырай Жұматай, Дәуенова Жазира - Республикалық КІО олимпиадасының І орын иегері және Облыстық «Жамбыл Жабаев оқулары» эссе жазудан Іорынды, химия пәнінен қалалық ғылыми жоба байқауының Іорынды иеленген шоқ жұлдызымыз. Осы секілді шоқ жұлдыздарымыздың бірі- Ыбырай Жұматай. Жұматай халықаралық қашықтық олимпиадасынан Іорынды, Республикалық «Инфо урок» олимпиадасынан Іорынды, облыстық «Шерхан оқулары» байқауының бас жүлдегері. Салтанатты лездемеде «Алтын белгі» үміткерлеріміз Ыбырай Жұматай 4 «А» сыныптың үзік оқушысы Құсайынова Айкөркемге білімнің «Алтын кілтін» аманат етсе, енді бір «Алтын белгі» үміткеріміз Дәуенова Жазира 4 «В» сыныптың оқушысы Абдумуталипов Аброрға: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауы негізінде мектебімізде құрылған көшбасшы жастар ұйымы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары атынан аманат етті.