Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 436911
Есепші бөлімі:
+7(7262) 436911
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Бiлiмге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" атты тәрбие сағаты
16
сентябрь
2022
"Бiлiмге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" атты тәрбие сағаты
8 "А" сыныбымен өткізілген "Бiлiмге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" атты тәрбие сағаты. Сынып жетекшісі: Адилова Динара
"Салауатты өмір салты"
14
сентябрь
2022
"Салауатты өмір салты"
5 қалалық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру медбикесі Жанна Калиева "Салауатты өмір салтына" байланысты, "Жол ережеси, жаракаттанудын алдын алу" тақырыбында 6 сынып оқушыларына дәрic өткiздi.  
1 қыркүйек - Бiлiм күнi!
01
сентябрь
2022
1 қыркүйек - Бiлiм күнi!
Абай атындағы бiлiм ордасында 1 қыркүйек - Бiлiм күнiне орай 8 "А" сыныбында "Бiлiмге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық" такырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды достық пен адамгершілікке, адами қасиеттерiн қалыптастыра отырып, еңбекке, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Сынып жетекшісі: Нарбаева Ұлжан
Білім күніне арналған салтанатты жиын
01
сентябрь
2022
Білім күніне арналған салтанатты жиын
Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясында сыңғырлаған күміс қоңыраудың үні естіліп, білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.  Құрметтi ұстаздар, ата-аналар, аяулы окушылар, сiздердi жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз,  және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймiз!   Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктерге жетелесiн!
"Ерлікке тағзым" ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі
11
февраль
2022
"Ерлікке тағзым" ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі
Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына  33 жыл толуына байланысты Абай атындағы білім ордасында "Ерлікке тағзым" тақырыбында мектеп оқушыларының ауған соғысы ардагерлерімен кездесуі өткізілді. Мектебімізде қонақ болған ардагер, Сұлтанов Ералы, Ермеков Дүкенбай ағаларымыз тағылымды ойлары мен қанды соғыстың қилы сәттері жайлы жас жеткіншектерге айтып берді. Бүлдіршіндер арнау оқып,  бейнеролик көрсетіліп, батырлар рухына үнсіздік арналып, қара домбыраның күйі де төгілді. Шара соңында
Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай, "Денсаулық күніне" спорттық ойындар
09
декабрь
2021
Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай, "Денсаулық күніне"
ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығы қарсаңында, Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай, "Денсаулық күніне" арналған, Абай атындағы мектепте дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушылары арасында спорттық ойындардан эстафеталық жарыс өткізілді. Барлық қатысушылар мектеп басшысы Гүлзат Әлімжанқызы Данаеваның алғыс хатымен марапатталды.  
"Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы - туған ел"спорттық ойындардан эстафеталық жарыс
09
декабрь
2021
"Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы - туған ел"спорттық ойындардан
ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығы қарсаңында, Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығына орай, "Денсаулық күніне" арналған, " Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы - туған ел" тақырыбында Абай атындағы мектепте дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушылары арасында спорттық ойындардан эстафеталық жарыс өткізілді. Барлық қатысушылар мектеп басшысы Гүлзат Әлімжанқызы Данаеваның алғыс хатымен марапатталып, ынталандыру сыйлықтарына ие болды.  
"Құлақтан кіріп бойды алар" атты Абай атамыздың әндерін орындау байқауы
08
декабрь
2021
"Құлақтан кіріп бойды алар" атты Абай атамыздың әндерін орындау
Абай атындағы қасиетті білім ордасында өнер-білімге құштар оқушылар арасында "Құлақтан кіріп бойды алар" атты Абай атамыздың әндерін орындау байқауы өткізілді. Қатысушылар арасынан озып шыққан Темірхан Аянат жүлделі бірінші иеленді.Барлық қатысушыларға арнайы алғыс хат пен ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.  
ата-аналары арасындағы "Достық" спартакиадасы
06
декабрь
2021
ата-аналары арасындағы "Достық" спартакиадасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Тараз қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің ата-аналары арасындағы "Достық" спартакиадасында үздік ойыншы атанған Нарбаева Балнұр, үстел теннисінен 2 орынды иеленген Тилентаев Қанат мектебіміздің мәртебесін биіктетті. Белсенділік танытқан ата-аналарымызға шексіз алғыс білдіреміз!  
30 қазан қамқоршы-қорғаншылар күні
27
октябрь
2021
30 қазан қамқоршы-қорғаншылар күні
30 қазан қамқоршы-қорғаншылар күніне орай мектебімізде игі шара өткізілді. Білім шаңырағындағы 5 оқушының қамқоршыларына мектеп тарапынан арнайы сыйлықтар табыс етілді. Мектеп директоры Гүлзат Әлімжанқызы қонақтарға ізгі тілегін білдіріп өтті.