07
сентябрь
2021
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
2021 жылғы 06 қыркүйекте Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатының ұстаздары арасында офлайн/онлайн форматында ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтын «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар елімізді одан ары дамыту мен оның азаматтарының өмірін жақсартудың маңызды қадамдары айқындалған Президент Жолдауын бірауыздан қолдады және осы міндеттерді шешуге белсенді қатысуға дайын екендіктерін білдірді.