12
март
2021
«ТАРАЗДЫҢ ИНАБАТТЫ АРУЫ – 2021»
«ТАРАЗДЫҢ ИНАБАТТЫ АРУЫ – 2021»
атты қалалық байқауы
Ақылына көркі сай қылықты қыздардың ақыл-ойы мен өрісін сын тезінен өткізуге атсалысқан қазылар алқасы құрамында Жамбыл облыстық Асқар Тоқпанов атындағы қазақ драма театрының әртісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, Құрмет грамотасының иегері, Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі Майра Әлімбетова, «Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Инабатты ару» жобасының авторы Ринат Нұрақбаев және «Жастар ресурстық орталығы» КММ директорының орынбасары Еркебекова Гүлім, М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университеті, «Музыка және хореография» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Караматуллаева Хадия Ергашовна, Тараз қалалық білім бөлімінің әдіскері Сандуғаш Орысбекқызы болды.
«Инабатты ару – 2021» байқауының бас жүлде иегері Білім кәсіби гуманитарлық техникалық колледжінің аруы Жәрдем Жансая атанса,
І орын – Отарғали Айдана (Жамбыл медициналық жоғары колледжі)
ІІ орын – Төлегенова Айда (Жамбыл политехникалық колледжі)
ІІІ орын – Елшібек Асылай (Абай атындағы №26 орта мектеп) сыңды үміткерлеріміз жүлделі орындардан көрінді. Өзге қатысушылардың барлығы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
