11
февраль
2022
" Ризашылық- мейірімділік бұлағы" " Ұшқыр ой алаңы" облыстық пікірсайыс турнирі
" Ризашылық- мейірімділік бұлағы" жалпы ұлттық білім беру жобасы аясында өткізілген " Ұшқыр ой алаңы" облыстық пікірсайыс турнирінде қазақстандық патриотизм мен азаматтылықты танытып, шешендік өнер шеберлігін танытқан Абай мектебінің дарынды оқушылары Бекқұл Назерке мен Жаманқұлова Жұлдыз арнайы алғыс хаттармен марапатталды.
Мектебіміздің білікті ұстазы, " Ұшқыр ой алаңы" дебат клубының жетекшісі Қырғабақова Салтанат Шалқарқызының жетекшілігімен мектебімізде пікірсайыс үйірмесінің жұмыстары белсенді жүргізілуде.

