Войти
Закрыть

Абай атындағы мектеп-гимназиясында Жас сақшылардың ант беру рәсімі өтті

Ақпарат

«Жас сақшы» жобасының мақсаты – заңға құрмет, елге адалдық«Жас сақшы» жобасы – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және патриоттық рухын нығайтуға бағытталған тәрбиелік жоба. Жоба аясында оқушылар құқық қорғау саласының қызметімен танысып, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында білім алады.Жобаның басты міндеттері:Оқушылардың құқықтық мәдениетін дамыту;Заң мен тәртіпке құрмет сезімін қалыптастыру;Қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
Патриоттық рух пен азаматтық белсенділікті арттыру;
Болашақта құқық қорғау саласына қызығушылық танытатын жастарды қолдау.

«Қауіпсіз интернет» тақырыбында танымдық іс-шара өтті

Ақпарат

«Қауіпсіз интернет» тақырыбында танымдық іс-шара өтті

Цифрлық технологиялар қарқынды дамыған қазіргі заманда интернет қауіпсіздігі – қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі. Осыған орай, білім алушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернеттегі қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында «Қауіпсіз интернет» тақырыбында түсіндіру-танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

«Жылы жүрек» еріктілер клубы

Ақпарат

«Жылы жүрек» еріктілер клубы. Мектеп ішіндегі гүлдерді суғарып, мектеп ауласындағы қарды тазалап, мектеп мүлкін жинап, ретке келтірді. Кішкентай істер – үлкен тәрбие. Жауапкершілік пен жанашырлықтың жарқын үлгісі! 

Заң мен тәртіп

Ақпарат

«Заң мен тәртіп» айлығы аясында өткізілген тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіруге және жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды. Сабақ барысында заң, құқық, міндет, тәртіп ұғымдары түсіндіріліп, пікір алмасу ұйымдастырылды.

Облыстық олимпиада жеңімпаздары марапатталды

Ақпарат

2026 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша облыстық олимпиада да Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназияның  9 сынып оқушысы Досай Әсемай мен10 сынып оқушысы Тұрдан Аяулым   II орын, 9 сынып оқушысы Алтай Русалина және 10сынып оқушысы Құрманғазықызы Іңкәр III орын иеленді, ал Асқарқызы Ақбота, Жарылқасын Амира, Жақсыбек Жауқазын терең білімімен ерекшеленгені үшін  Грамотамен марапатталды.

ИНТЕРНЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА ПРАКТИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛЫҚ

Ата-аналарға

I. НЕГЕ БҰЛ МАҢЫЗДЫ?

II. АТА-АНА БАЛАНЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЙ АЛАДЫ? (НЕГІЗГІ ҚАДАМДАР)

III. АТА-АНАЛАР ҮШІН «АЛТЫН ЕРЕЖЕ»

IV. ҚЫСҚА ЕСКЕ САЛУ

Баланың интернеттегі қауіпсіздігі ата-ананың күнделікті қатысуын талап ететін үдеріс.



Оқушылардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдары

Ата-аналарға

АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА 
Құрметті ата-ана!
 
Қазіргі таңда интернет – баланың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Сондықтан оның қауіпсіз қолданылуы отбасы мен мектептің ортақ жауапкершілігі болып табылады.

Тәуелсіздік күніне орай өткен зияткерлік турнир!

Ақпарат

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасына қарасты мамандандырылған мектептердің 7–8 сынып оқушылары арасында шахмат және тоғызқұмалақ бойынша Тәуелсіздік күніне арналған турнир өтті. 
В будущее В прошлое

Навигация