12
февраль
2018
"Ұлы Дала Ұландары" атты шығармашылық фестиваль
"Ұлы Дала Ұландары" атты шығармашылық фестиваль
08.02.2018 ж күні мектебімізде Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының аясында өтілетін "Ұлы Дала Ұландары" атты мектепішілік оқушылар арасында фестиваль өтті. Оқушылар фестивальде 6 бағыт бойынша өнерлерін көрсетті. Фестивальде оқушылар хор, вокал, сән үлгісі, "Туған жер"бағдарламасы бойынша бейнеролик, тақырыптық көрме, авторлық өлең т.б. бағыттары бойынша өнер көрсетті. Фестивальге оқушылар өте жоғары деңгейдегі дайындықпен келді. Фестиваль соңында әділ-қазы алқалары оқушылар мен мұғалімдердің еңбектерін бағалап, мадақтау сөздерін айтты.