03
декабрь
2017
Коучинг

18.11.2017ж. «Оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында сабақты қалай жоспарлаған тиімді?» тақырыбында коучинг өтті. Коучингтің мақсаты: оқу мен оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдерді игеру. Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын әдістерге түсініктеме беру. ҚМЖ жасауды үйрену. Коучингті мектеп тренері, тарих пәнінің мұғалімі Сейтқұлова Гаухар жүргізді. Коучингте «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» тақырыбын ҚМЖ -ға түрлі әдіс- тәсілдермен кіріктіру тапсырмасы берілді. Сонымен қатар жаңартылған білім мазмұны бойынша курс тәмамдаған математика пәні мұғалімі Нұртаева Шолпан ҚМЖ талаптары мен онда мән беретін мәселелерге толық, дұрыс түсіндірме жасады. Қазіргі талапқа сәйкес ҚМЖ үлгісін интерактивті тақтада көрсетті. Теориялық білім берді. Педагогтер жаңартылған білім мазмұны бойынша өз білімдерін толықтырды, жаңа әдіс-тәсілдер игерді.
