30
январь
2019
"Бүгінгі қоғамдағы қыз баланың орны" тақырыбындағы 7-8сынып қыздарымен сырласу кеші
Қазақ қызы! Шынында да, қазақ халқы қыз баланы сыйлап, ерекше құрмет көрсеткен, анасын ардақтаған, жары мен қарындасына мейіріммен қараған. Өйткені алып анадан туады емес пе?!
Қыздарын болашақ ана ретінде санаған халық «Ұл туса-ұрпағым өседі, қыз туса-ұлтым өседі», - деп қыз баланың дүниеге келуін ерекше қуанышпен күткен. «Қыз уақытша қонақ» деп тазаны кигізіп, дәмдіні жегізіп, төрінен орын берген. Тарихтан белгілі жайттардың барлығы қазақ халқының өмірінде әйел орнының ерекше болғандығын байқатады.
Тіпті, күні кешегіге дейін қыз балаға қол көтермек түгілі, қатты сөз айтпаған, бетін қайтармаған. Қыздың көз жасына қалмау үшін барынша сабырлық танытып, жігіттігін көрсеткен. Ал қыз баланы жылатқанды намыссыз еркекке бағалап, ел алдындағы абыройы айрандай төгілген. Қыз балаларды қорлаған бұзақыларды ата-бабаларымыз әдет заңы бойынша аттың шылбырына байлап, сүйретіп жазалаған, дүре соққан. Қара бет деп елден қуған.
Қазірде тіршілік өзегі саналған әйелдің қадір-қасиеті кеми бастағаны әрбірімізді ойландыру керек. Естімеген елде көп! Елімізде әйелдердің бірі соққыға жығылса, өзгесі зорлаудың құрбаны болуда. Әйелдерге жасалатын қылмыстың бет алысы жылдан-жылға үдеру үстінде екендігі көрінеді. Дегенмен, тепсе темір үзер жігіттердің қыз бабаларға әлімжеттік көрсетуіне не себеп деген көкейде сұрақ туындайды...





