Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 436911
Есепші бөлімі:
+7(7262) 436911
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2018

Директор есебі

Құрметті қамқоршылық кеңес мүшелері, кеңес отырысына қатысушылар!
Бүгін  мен сіздерге 2017-2018 оқу жылында атқарылған  жұмыстар туралы есеп бергелі отырмын. 2017-2018 оқу жылын 842 оқушымен бастап, 798 оқушымен аяқтады. Бірінші тоқсанда білім сапасы 51 пайызды көрсетсе, жыл соңында 64,5 пайызға дейін көтерілді. 1-11 сынып аралығында 1сыныптан-5, 2 сыныптан-4, 3 сыныптан-4, 5 сыныптан-4, 6 сыныптан-4, 7 сыныптан-3, 8 сыныптан-3, 9 сыныптан-2, 10 сыныптан-2, 11 сыныптан -2, барлығы - 38 сынып. Ұлттық Бірыңғай Тест нәтижесінде де орта балмен жоғары көтерілді. 2016-2017 оқу жылындағы орта балл 80,4 болса, өткен оқу жылындағы орта балымыз 3,2 балға артып, 83,6 болды. ҰБТ-ға мектеп бітіруші 32 оқушының 29-ы қатысты. Нәтижесінде 28 оқушы жоғарғы оқу орнының студенті  атанды. 10 оқушы мемлекеттік грант иеленсе, 2 оқушы ТАР ГУ  ректоры  ұсынған грантты жеңіп алды. 1оқушы ҚХР жоғарғы оқу орнының, 1 оқушы Польша мемлекетінің жоғарғы оқу орнының грант иегері атанды. Оқушыларға кітап тарту  тамыз айынан   басталды. Сондақтан 1 қыркүйекке дейін оқшыларды оқулықпен қамтамасыз ету ең басты мәселе болды.  Жаңартылған білім беру  мазмұны бойынша оқыту мақсатында  2, 4, 5 сыныптар 100% оқулықпен қамтылды.
Сонымен қатар мектептің жөнде жұмыстарына  тоқталсақ 2017-2018 оқу жылында мектептің жөнде жұмыстарына бюджеттен 400 мың теңге бөлініп, оған 500 килограмм краска сатып алынды. Мектептің сырланатын жерінің көлемі 400 кв.метр, сонда 500 килограм мектептің 250 кв.метріне  ғана жетті. Қалған жетпегер жерге сыныптардың көмегі арқылы сырланды.  Былтырғы оқу жылында сұраныс бойынша мектептің асханасының тамақ ішетін бөлмесіне  және төрт сынып бөлмесіне жихаздар берілді. Жылда мектептің ішкі және сыртқы тазалық жұмыстарына хлорка, порошок, сабын, трябка, сыпырғыш, тырма, күрек, қар күрейтін күрек т.басқа заттарға тапсырыс беріліп, пайдаланылды. Тағы да бір мәселе ол мектептегі аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамту. Былтырғы оқу жылында 173 оқушы ыстық тамақпен және сырт киімдермен қамтылды. 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Республика көлемінде өтетін «Мектепке жол» акциясы мектеп ұжымы арасында ұйымдастырылды. Көп балалы отбасынан және аз қамтылған, жетім балаларға акциядан түскен мектепке қажетті құрал-жабдықтар және қаржылай көмек көрсетілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектеп ұжымы біраз жұмыстарды атқарды.  Мектептің педагог қызметкерлері және кіші қызметкерлер  арасында  ұйымдастырған қамқорлық көмектен басталды. Акциядан түскен қаржыға «Үміт» балалар үйіндегі 4-5 жасар балаларға және Сармолдаев балалар үйіндегі 8-10 жастағы жетім балаларға түрлі   тәтті кәмпиттер мен жазуға,сурет салуға қажетті құралдар таратылды. Осы бағдарлама аясында мектептің бірнеше сынып бөлмелеріне жаңартылған білім мазмұнына сәйкес стендтер жасалынды және мектебімізде  облыстық «Мектепке тағзым» атты акциясы өтті. Акцияның мақсаты  түлектерді туған жеріне, білім алған мектептеріне, сабақ берген ұстаздарына құрмет көрсетуге шақырып, оқушыларға осы мектеп еңбекте  табысты жолдарын   үлгі ету болатын. Шақырған қонақтардан «Тараз Әлеуметтік» Кәсіпкерлік Корпорациясы Ұлттық Компаниясы Акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы Исабеков Шәмсат Жақсылықұлы, Жамбыл облыстық балалар ауруханасының мемлекеттік сатып алу ісі бойынша басшысы Сатыбалдиев Азамат Бекжолдасұлы, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің жедел  басқармасының аса маңызды істер жөніндегі офицері Төлендиев Айдос Мәдіханұлы қатысты.Сондай –ақ мектебімізде қалалық  «Абай оқулары» байқауын өткізу дәстүрге айналған. Байқауға Тараз қаласындағы 60 мектептен оқушылар қатыстырылды.  Мектеп  пен ата-аналар арасында ұйымдастырылған  іс-шара түрлері де орын алды. Атап айтсақ «Жана жыл » мерекесіне 1-11 сынып оқушылары түгел қатыстырылды. Мерекенің қарсаңында қамқоршылық кеңес мүшелерімен  «Жаңа жылдық» мерекеге кіру бағасы 300 теңге болатындығы нақтыланды.. Яғни түскен қаржыға 1 қабаттағы Абай Құнанбаевқа арналған бұрыш жаңаланды.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив