22
октябрь
2021
"Күзгі бал" байқауы
Жыл басынан бері мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл да "Күзгі бал" байқауы өткізілді. 6-7 сыныптар аралығында болған тартысты сайыста оқушылар өнерлерін ортаға салып, бақ сынасты. Жүйріктен оза шапқан 6 сынып оқушылары Сырым мен Әдемі көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп қанжығаларына бас жүлдені байлады. Қалған қатысушылар да алғыс хаттармен марапатталды. Барлығына ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.




