Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 436911
Есепші бөлімі:
+7(7262) 436911
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептің даму үдерісінің мониторингі
16
июнь
2017

Мектептің даму үдерісінің мониторингі

Оқыту мен оқу үдерісіне жаңартылған бағдарлама идеясын жүзеге асыру және оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында деңгейлік курс бітірген мұғалімдерден құрылған кәсіби қоғамдастық мүшелері жұмыс атқарды.
4-11 сынып оқушылары арасынан нысаналы сыныптар анықталды. Lesson study тәжірибесі енгізілді, LS сабақтарының зерттеу мақсаттары нақты қойылды. Сегіз фокус топтары құрылып, зерттеу сабақтары жүргізілді. Әр топта 7-8 мүшеден болды. Топ мүшелері тағайындалып, міндеттері нақтыланды. Фокус топтары циклдер арқылы сабақты зерттеді.
Іс-әрекетті зерттеу мақсатында «Нысаналы сыныптармен жұмысты жүргізудің тиімділігі қандай?» тақырыбында коучинг өткізілді. Эссе жазылды, кері байланыс алынды, «Оқушы үні» тыңдалды. Пән мұғалімдері, фокус топтары және өзгеріс енгізу топ мүшелері интербелсенді әдістерді қолданып практикалық сабақтар өткізді, нысаналы сыныптарға жан-жақты зерделеу жүргізді. «Мотивация» фокус тобы «Ролдік ойындар арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалай дамытуға болады?» деген проблемалық тақырыпта, «Блум» фокус тобы С деңгейіндегі оқушы «А-ның сабаққа деген қызығушылығын қалай арттырамын?» проблемасын зерттеді. «Джигсо» фокус тобы «Қимыл-қозғалыс дағдыларын қалай жетілдіруге болады?» деген проблемалық тақырыпта сыныпты зерттеді, «Дарын» фокус тобы «Сыныпта топтық жұмыстарды жақсату арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалай қалыптастыруға болады?» деген проблеманың шешу жолдарын айқындады. «Смарт» фокус тобы «Білімге ынтасы төмен оқушылардың сыни ойлау дағдыларын қалай қалыптастыруға болады?», «ЖАДА» фокус тобы «Стоп кадр, болжау стратегиясы тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалай дамытуға болады?», «Өрлеу» фокус тобы ««Таңда да таста! әдісі арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалай дамытуға болады?» деген тақырыптарда өткізген сабақтары нәтижесінде оқушылардың сыни ойлауы, есте сақтау қабілеттері арта түскені байқалды. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артты, өзін-өздері бағалай алды және табыс критерийлерін бірлесе жасауға дағдыланды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив