19
октябрь
2021
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" орай өткізілген облыстық турнирде бірінші орынды жеңіп алды!
Бүгін біздің білім шаңырағында тағы бір қуаныш, тағы бір жеңіс туы желбіруде. Мектебіміздің жас спортшысы 7 "в" Темірхан Рамазан каратэ спорт түрінен халықаралық турнирде 3 орынды иеленді. Жеңіс тұғыры мұнымен бітпеді, жақында ғана "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" орай өткізілген облыстық турнирде бірінші орынды жеңіп алды! "Рамазан, жеңісің жеңіске ұлассын, биікке өрлей бер, саған үлкен сенім артамыз"- деп, мектеп басшысы Гүлзат Әлімжанқызы өз тілегін білдірді.




