Мобильдік топ мүшелері және ата-аналармен кеңейтілген жиналыс
27.02.2018 ж күні Абай атындағы №26 орта мектепте мобильдік топ мүшелері және ата-аналармен кеңейтілген жиналыс өткізілді. Жиналысқа ата-аналар, оқушылар және мобильдік топ мүшелері қатысты. Қала әкімдігінің мәдениет және тілдер дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Абашова Кәмиля Жүрсінәліқызы, Тараз қаласы прокурорының аға көмекшісі Сарманов Нұрлы Жақсылықұлы, ата-аналар комитетінің төрағасы Токкулиев Сайлау, директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары Айтімбетов Біржан қатысып отырды.