Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 436911
Есепші бөлімі:
+7(7262) 436911
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абай атындағы мектеп-гимназиясында Жас сақшылардың ант беру рәсімі өтті
17
февраль
2026

Абай атындағы мектеп-гимназиясында Жас сақшылардың ант беру рәсімі өтті

2026 жылдың 17 ақпанында Тараз қаласындағы Аба
й ат
ы
ндағы мамандандырылған мектеп-гимназиясы базасында «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылуы мен ант қабылдау рәсімі өтті.Аталған іс-шара Жамбыл облысы «Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастамасымен ұйымдастырылып, оған Жамбыл облыстық полиция департаменті өкілдері, Ішкі істер органдарының ардагерлері, ата-аналар, мектеп ұжымы және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Салтанатты рәсім Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын енгізумен басталып, Әнұран орындалды. Жиын барысында сөз алған құрметті қонақтар жас сақшыларға сәттілік тілеп, олардың ел болашағы үшін жауапты азамат болып қалыптасатынына сенім білдірді.
Шара аясында 8-сынып оқушылары салтанатты түрде ант қабылдап, Отанға адал қызмет етуге, заң мен тәртіпті сақтауға, мектеп пен қоғамда үлгілі болуға серт берді. Жас сақшыларға арнайы куәліктер табысталды.
Іс-шара барысында қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ерлігі еске алынып, «Халық қаһарманы», полиция капитаны Ғазиз Байтасов ерлігіне арналған «Капитан Байтасов» көркем фильмі көрсетілді.
Сонымен қатар, арнайы жасақ қызметкерлерінің қойылымы, кинолог мамандардың қызметтік иттерімен көрсеткен өнері және әскери оркестрдің орындауындағы патриоттық шығармалар көпшілік назарына ұсынылды.
Аталған сынып аясында мектеп-гимназияда қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция аға сержанты П.Қ. Аянкулов пен полиция сержанты Ж.А. Байсейтов атындағы «Жас сақшы» полиция сыныбына арналған арнайы кабинет ашылды.
«Жас сақшы» сыныбының ашылуы – жас буынның бойында заңға құрмет, тәртіпке жауапкершілік және елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған тағылымды қадам болды. Бұл бастама өскелең ұрпақтың саналы да сергек азамат болып қалыптасуына зор ықпал етпек.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив