Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 436911
Есепші бөлімі:
+7(7262) 436911
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Ноябрь 2019 года
Шахмат − бұл әлемдегі танымал логикалық ойындардың бірі.
29
ноябрь
2019
Шахмат − бұл әлемдегі танымал логикалық ойындардың бірі.
    Шахмат − бұл әлемдегі танымал логикалық ойындардың бірі. Бұл ойын адамның ойлау қабілетін, тактикасын және зияткерлік қабілетін дамытады. Бұл үйірменің басталғанын естіген ата-аналар қолдау көрсете, мектебімізге бірнеше шахмат сыйға тартты. Атап айтсақ, Шералина Гулжан және Қожан Төребек деген ата-аналарға алғысымыз шексіз.
"Отбасы-мейірім бесігі" тақырыбында әжелермен кездесу
29
ноябрь
2019
"Отбасы-мейірім бесігі" тақырыбында әжелермен кездесу
       "Анамның ізгі жолы-үлгі" онкүндігі аясында жоспарға сай 5 "Ә, В" сыныптары "Отбасы-мейірім бесігі" тақырыбында әжелермен кездесу өткізді. Мектеп өміріне әжелерді белсенді қатыстырған сынып жетекшілер Жолдығұлова Фариза мен Тапелова Мадинаға шығармашылық табыс тілейміз. 
Республикалық "Жүзден жүйрік" интеллектуалды байқаудың "Абай оқулары"
28
ноябрь
2019
Республикалық "Жүзден жүйрік" интеллектуалды байқаудың "Абай оқулары"
      Республикалық "Жүзден жүйрік" интеллектуалды байқаудың "Абай оқулары" номинациясында ІІ дәрежелі дипломмен мектебіміздің 3-сынып оқушысы Анарбек Абдулла марапатталды. Жетекшісі Мыңбаева Жазира алғыс хат иеленді
Облыстық үздік ғылыми жобалар байқауы
28
ноябрь
2019
Облыстық үздік ғылыми жобалар байқауы
        Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған жас ғалымдар мен ғалымдар арасында облыстық үздік ғылыми жобалар байқауында мектебіміздің тарих пәнінің мұғалімі Сейтқұлова Гаухар Мәмбетқызы алғыс хатпен марапатталды 
Республикалық қашықтық олимпиадасы
28
ноябрь
2019
Республикалық қашықтық олимпиадасы
      Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған Республикалық қашықтық олимпиадасында жүлделі орындарды иеленген ұстаздарымыз 
"Бақытты отбасы" оқу курсы
28
ноябрь
2019
"Бақытты отбасы" оқу курсы
     "Отбасылық тәрбиелеу институтының" ұйымдастыруымен өткізілген 52 сағаттық "Бақытты отбасы" оқу курсы бағдарламасын барлық дерлік сынып жетекшілеріміз меңгерді 
Данаева Гүлзат Алимжанқызы қамқоршылық кеңесі және ата-аналар алдында есеп берді.
28
ноябрь
2019
Данаева Гүлзат Алимжанқызы қамқоршылық кеңесі және ата-аналар алдында
       4.11.2019 жылы күні Абай атындағы #26орта мектебінің директоры Данаева Гүлзат Алимжанқызы қамқоршылық кеңесі және ата-аналар алдында есеп берді. Қамқоршылық кеңес төрағасы мен ата-аналар қауымы ыстық лебіздерін білдіріп, алғыстарын айта кетті 
"Критериалды бағалаудың маңыздылығы"
28
ноябрь
2019
"Критериалды бағалаудың маңыздылығы"
      "Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жағдайында қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізудегі критериалды бағалаудың маңыздылығы" тақырыбында қалалық білім бөлімінің әдіскері Шеримова Гаухар Жылысбекқызы бастаған топ семинар-кеңес өткізді. Топ құрамында #45 гимназияның оқу ісі жөніндегі орынбасары А. Маталиева, #8 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К. Шахшанбаева, #39 мектеп-гимназияның қазақ тілі мұғалімі З. Амалбекова болды. Семинар-кеңес барысында мұғалімдер
Біріңғай жалпы Республикалық "Адалдық сағаттары"
28
ноябрь
2019
Біріңғай жалпы Республикалық "Адалдық сағаттары"
     Жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, əділдік жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру мақсатында 6.11.2019 күні біріңғай жалпыреспубликалық "Адалдық сағаттары" өтті. Адалдық сабақтарына Тараз қаласының прокуратурасының бөлім прокуроры Д.Әділ, Тараз қаласының әкімдігінің тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары К.Абашова, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің өкілі Ж.Алдабек, қамқоршылық кеңесінің төрағасы Д.Ермеков және кеңес