Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 436911
Есепші бөлімі:
+7(7262) 436911
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Январь 2020 года » Страница 2
"Қазақ отбасындағы қызбала тәрбиесінің рөлі"
28
январь
2020
"Қазақ отбасындағы қызбала тәрбиесінің рөлі"
"Қазақ отбасындағы қызбала тәрбиесінің рөлі" атты қыздар жиналысы өткізілді. Жеке бас гигиенасымен басқада қыздарға қатысты әңгімелер жүргізіліп, адам бойындағы ерсі мінез - құлықтан қалай арылуға болатыны жөнінде тренинг жүргізілді.
Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романының 4 томын сыйға тартты.
27
январь
2020
---
Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романының 4 томын сыйға тартты.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай мектебіміздің 2018-2019 оқу жылының түлегі Өмірболат Нұрислам мектеп кітапханасының қорына Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" романының 4 томын сыйға тартты.
"Абай және табиғат" сурет байқауы
22
январь
2020
"Абай және табиғат" сурет байқауы
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің қолдауымен "Абай және табиғат" тақырыбында мектебімізде қалалық сурет байқауы өтті. Байқауда мектебіміздің 8-сынып оқушысы Оралбек Мерейім жүлделі ІІ орын иеленді.
"Адалдық сағаттары"
17
январь
2020
"Адалдық сағаттары"
2020 жылдың 17 қаңтарында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастырумен Абай атындағы 26 орта мектебінде "Адалдық сағаттары" өткізілді. Республикалық акцияға «Жамбыл облысы және Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер одағы»қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ермеков Дүкенбай Сайлаубекұлы қатысты.
Шахматтан Ұлттық мектеп лигасы ойындары
15
январь
2020
Шахматтан Ұлттық мектеп лигасы ойындары
Шахматтан Ұлттық мектеп лигасы ойындарына Тараз қаласының мектеп оқушылары арасында өткен жарыста 11 сынып оқушылары Досымбек Нұрдос пен Асқар Мухим жүлделі ІІ орынды, ал 8 сынып оқушылары Бекқұл Дінмұхамед, Бекқұл Назерке, Өмірзақов Нұрым, Бақыт Алинұр жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Қалалық ғылыми жоба байқауы
15
январь
2020
Қалалық ғылыми жоба байқауы
Абай атындағы №26 орта мектебінің 9 сынып оқушысы Қасым Әсел қалалық ғылыми жоба байқауында жүлделі ІІІ дәріжелі дипломмен және облыстық байқауда алғыс хатпен марапатталды. Ғылыми жоба тақырыбы «Мектеп оқушыларының табандарын антропометриялық зерттеу». Жоба жетекшісі А. Райымбекова. Қасым Әселді жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта үлкен жетістіктер мен шығармашылық табыс тілейміз.