Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 436911
Есепші бөлімі:
+7(7262) 436911
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2021 года
30 қазан қамқоршы-қорғаншылар күні
27
октябрь
2021
30 қазан қамқоршы-қорғаншылар күні
30 қазан қамқоршы-қорғаншылар күніне орай мектебімізде игі шара өткізілді. Білім шаңырағындағы 5 оқушының қамқоршыларына мектеп тарапынан арнайы сыйлықтар табыс етілді. Мектеп директоры Гүлзат Әлімжанқызы қонақтарға ізгі тілегін білдіріп өтті.
"Ән жырымның арқауы  Тәуелсіздік" атты патриоттық ән байқауы
23
октябрь
2021
"Ән жырымның арқауы Тәуелсіздік" атты патриоттық ән байқауы
Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Абай атындағы білім ордасында тағы бір керемет іс -шара көрініс тапты. "Ән жырымның арқауы  Тәуелсіздік" атты патриоттық ән байқауы өткізілді. Ереже бойынша оқушылар ата аналарымен немесе ұстаздарымен жанды дауыста ән салды. Тақырыпқа сәйкес барлық қатысушылар патриоттық әндерімен сахна төрінде сән құрды. Бұл байқаудың ерекшелігі әділ қазы алқасына шақырылған қонақтар өз ісінің нағыз мамандары болды. Сахнаның сәнін келтіріп, қазақы көрініс пен отансүйгіштік
"Күзгі бал" байқауы
22
октябрь
2021
"Күзгі бал" байқауы
Жыл басынан бері мектебімізде көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр. Жыл сайынғы дәстүр бойынша биыл да "Күзгі бал" байқауы өткізілді. 6-7 сыныптар аралығында болған тартысты сайыста оқушылар өнерлерін ортаға салып, бақ сынасты. Жүйріктен оза шапқан 6 сынып оқушылары Сырым мен Әдемі көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп қанжығаларына бас жүлдені байлады. Қалған қатысушылар да алғыс хаттармен марапатталды. Барлығына ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.
Абай мектептері арасында өткен"Ғалым болам десеңіз" зерттеу жұмыстары
21
октябрь
2021
Абай мектептері арасында өткен"Ғалым болам десеңіз" зерттеу жұмыстары
Мектебіміздің 11 сынып оқушысы Қырғызбай Әсем, Республикалық Абай мектептері арасында өткен"Ғалым болам десеңіз" зерттеу жұмыстары байқауында көрсеткен даралығы үшін арнайы алғыс хатпен марапатталды!
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" орай өткізілген облыстық турнирде бірінші орынды жеңіп алды!
19
октябрь
2021
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" орай өткізілген облыстық турнирде
Бүгін біздің білім шаңырағында тағы бір қуаныш, тағы бір жеңіс туы желбіруде. Мектебіміздің жас спортшысы 7 "в" Темірхан Рамазан каратэ спорт түрінен халықаралық турнирде 3 орынды иеленді. Жеңіс тұғыры мұнымен бітпеді, жақында ғана "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" орай өткізілген облыстық турнирде бірінші орынды жеңіп алды! "Рамазан, жеңісің жеңіске ұлассын, биікке өрлей бер, саған үлкен сенім артамыз"- деп, мектеп басшысы Гүлзат Әлімжанқызы өз тілегін білдірді.
Шахматтан облыстық турнир
18
октябрь
2021
Шахматтан облыстық турнир
6"А" сынып оқушысы Бақыт Алинұр, шахматтан облыстық турнирде 3 жүлделі орынды иеленді. Алинұрдың жетекшісі мектебіміздің білікті ұстазы Әлжан Жусанбаев.  
"11 қазан Халықаралық қыздар күніне орай" тағылымдық сұхбаттасу кеші
13
октябрь
2021
"11 қазан Халықаралық қыздар күніне орай" тағылымдық сұхбаттасу кеші
13 қазан 2021 жылы Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатында "11 қазан Халықаралық қыздар күніне орай" тағылымдық сұхбаттасу кеші өткізілді. Қасиетті білім ордасының ару қыздары ақын, журналист Ғайни Әлімбекқызы  ардагер ұстаз Сейсекүл Молдабекқызымен кездесіп, өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген тұлғаларымыздың өрнегі мол жырларын оқып, өнегелі өмір жолдарының сырлы ойларын тыңдады.  Кездесу барысында мектеп
облыстық, республикалық деңгейде бокс
11
октябрь
2021
облыстық, республикалық деңгейде бокс
Мектебіміздің мақтанышы, облыстық, республикалық деңгейде бокс тұғырының биігінде жарқыраған жеңімпаз- Қасым Аманжол, 11"А" сыныбының оқушысы
"Үш тілдің патшалығы" атты іс-шара
05
октябрь
2021
"Үш тілдің патшалығы" атты іс-шара
Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатында "Үш тілдің патшалығы" атты іс-шара өткізілді.  
" Жамбыл Жабаев - Ұлы Даланың алып жыршысы " атты дөңгелек үстел
04
октябрь
2021
" Жамбыл Жабаев - Ұлы Даланың алып жыршысы " атты дөңгелек үстел
Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатының ұстаздары мен оқушылары ұйымдастырған  " Жамбыл Жабаев - Ұлы Даланың алып жыршысы " атты дөңгелек үстел өткізілді.