"Ұстаздар күніне" арналған "Ұстаз болу - жүректiң батырлығы" атты
Мектебімізде "Ұстаздар күніне" арналған "Ұстаз болу - жүректiң батырлығы" атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кеште ұстаздар оқушылармыздың арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламасын тамашалады. Арнайы ұйымдастырылған мерекелік концертте оқу ордасының директоры Данаева Гүлзат Әлiмжанқызы барша әрiптестердi кәсiби мерекемен құттықтап, игi тiлегiн жеткiздi. Салтанатты жиын әдемі де әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Ұстаз болу - адам бойындағы ең ұлы қасиеттердің бірі.