Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 436911
Есепші бөлімі:
+7(7262) 436911
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2022 года
"ДАРА БОЛ" атты дарынды балалармен кездесу
15
декабрь
2022
---
"ДАРА БОЛ" атты дарынды балалармен кездесу
Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "ДАРА БОЛ" атты дарынды балалармен кездесуде мектебіміздің 4 "А" сынып оқушылары Исмаил Данияр және Марат Жан өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. Кездесуде жүргiзушiнiң барлық сұрақтарына жауап берiп, кубикты жылдам айналдырып, жинап көрсетті. Дарынды оқушыларымыз арнайы грамотамен, сыйлықтармен марапатталды.  
"Жiгiт сұлтаны-2022"
15
декабрь
2022
"Жiгiт сұлтаны-2022"
Абай атындағы мектеп-гимназиясында ҚР Тәуелсіздік күніне орай "Жiгiт сұлтаны-2022" байқауы өтті. Сайысқа 8,9,10 сынып оқушылары белсене қатысты.Қорытынды бойынша 9"Ә" сынып оқушысы бас жүлде иеленді.  
"Тәуелсіз ел тiрегi-бiлiмдi ұрпақ" атты интеллектуалдық сайыс
15
декабрь
2022
"Тәуелсіз ел тiрегi-бiлiмдi ұрпақ" атты интеллектуалдық сайыс
Абай атындағы бiлiм ордасында Тәуелсіздік күніне және Балалар жылына орай "Тәуелсіз ел тiрегi-бiлiмдi ұрпақ" атты интеллектуалдық сайыс болып өтті.Интеллектуалдық сайысқа 4- сыныптар белсене қатысты.Нәтижесiнде 4"Б" сынып l орынды иеленсе 4 "А" ll орын, 4"Ә" lll орынды иеленді
"Адамның қанайналым жүйесі" тақырыбында ашық сабақ
14
декабрь
2022
"Адамның қанайналым жүйесі" тақырыбында ашық сабақ
"Мұғалiмдiк мамандық-бұл адамтану күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер-ол даналықты жүректен ұға бiлу болып табылады"(В.А.Сухомлинский). Мектебіміздің биология пәнінің мұғалімі Г.Бейсенованың 8"Ә" сынып оқушыларына "Адамның қанайналым жүйесі" тақырыбында ашық сабақ өткізу сәтiнен.
"Ұлттық мектеп лигасы"
14
декабрь
2022
"Ұлттық мектеп лигасы"
Жамбыл облысы білім басқармасының "Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының" ұйымдастыруымен, "Ұлттық мектеп лигасы" бiлiм басқармасына қарасты мекемелер арасында тоғызқұмалақ спорт түрiнен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.Тоқтарбаеваның жетекшiлiгiмен  5-6 сынып оқушылары арасында l орын, шахмат спорт түрiнен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі М.Байдильдаевтың жетекшілiгiмен 5-6 сынып оқушылары арасында ll орын, бес асық спорт түрiнен дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Р.Құрманалиева және
"Ұлттық мектеп лигасы"
14
декабрь
2022
"Ұлттық мектеп лигасы"
Жамбыл облысы білім басқармасының "Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының" ұйымдастыруымен, "Ұлттық мектеп лигасы" бiлiм басқармасына қарасты мекемелер арасында волейбол спорт түрiнен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ә.Жусанбаевтың жетекшiлiгiмен  5-6 сынып окушылары ұлдар арасында жалпы командалық есепте  l орын, волейбол спорт түрiнен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі А.Тоқтаралиевтiң жетекшілігімен 5-6 сынып оқушылары қыздар арасында жалпы командалық есепте l орынмен марапатталды.  
"Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезең
13
декабрь
2022
"Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезең
"Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңінде бастауыш пәнінің мұғалімі Г.Манапованың жетекшілiгiмен 3"Ә" сынып оқушысы Бектас Аяла көркем әдебиет пәні бойынша "Слайм және оның қасиеттері" тақырыбын қорғап, жүлделі lll орынды иеленді.  
"Ұлттың ұлы ұстазы"
13
декабрь
2022
"Ұлттың ұлы ұстазы"
"Ұлттың ұлы ұстазы" Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай қала және облыс мектептері мұғалімдерінің арасында волейболдан өткiзiлген жарысында, Абай атындағы мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері жүлделі ll орын иеленді.  
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінде
13
декабрь
2022
Республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінде
2022 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінде химия секциясы бойынша Г.Ахметованың жетекшiлiгiмен 9 сынып оқушысы Т.Заңғар ll орын,А.Тастанбекованың жетекшілігімен қазақ әдебиетінен Ж.Аманалы lll орын,Ф.Жолдығұлованың жетекшілiгiмен орыс тiлiнен А.Шораев жүлделі ll орынды иеленді