Абай атындағы мектеп-гимназиясында Жас сақшылардың ант беру рәсімі
«Жас сақшы» жобасының мақсаты – заңға құрмет, елге адалдық«Жас сақшы» жобасы – өскелең ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға және патриоттық рухын нығайтуға бағытталған тәрбиелік жоба. Жоба аясында оқушылар құқық қорғау саласының қызметімен танысып, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытында білім алады.Жобаның басты міндеттері:Оқушылардың құқықтық мәдениетін дамыту;Заң мен тәртіпке құрмет