---
"ДАРА БОЛ" атты дарынды балалармен кездесу
Д.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында "ДАРА БОЛ" атты дарынды балалармен кездесуде мектебіміздің 4 "А" сынып оқушылары Исмаил Данияр және Марат Жан өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. Кездесуде жүргiзушiнiң барлық сұрақтарына жауап берiп, кубикты жылдам айналдырып, жинап көрсетті. Дарынды оқушыларымыз арнайы грамотамен, сыйлықтармен марапатталды.