1 Наурыз - алғыс айту күні
Мектебімізде 1 Наурыз - алғыс айту күні аталып өтті. Алғыс айту күнінде 9 сынып оқушылары қолдарында шарларымен, стикерлерімен, мектепке кірген мұғалімдерге ізгі-тілектерін, алғыстарын жаудырып жатты. Сонымен қатар оқушылар тілек ағашына мұғалімдерге арнап алғыс-тілектерін жазып ілді. Сынып жетекші Маликова Қаламқас "Алғыс айту - парызым" атты тәрбие сағатын өткізді.