Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының
«Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілімен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 436911
Есепші бөлімі:
+7(7262) 436911
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КЕРЕКУДЕГІ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ
16
апрель
2019

КЕРЕКУДЕГІ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ

КЕРЕКУДЕГІ КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ


Биыл дәстүрлі түрде өтетін журналистика мамандығы бойынша студенттер арасындағы ХІ республикалық пәндік олимпиада Павлодар қаласында жалғасын тауып отыр

Болашақ БАҚ өкілдері бақталасатын бұл жарысқа еліміздің жоғары оқу орындарынан 17 құрама қатысуда. Кіл мықтыдан кім мықтыны анықтау үшін бағы мен бабын бағушылар жалпы 5 кезең бойынша шеберліктерін көрсетуі шарт. Олар жарыс ережесіне  сай   қазылар алқасының ұпайларымен бағаланады. Бұл байқаудың берері бәссіз басым. Өйткені келген қатысушылар тек жарысып қана қоймай, Кереку жерінің  көркіне куә болады. Осы орайда оларға  арнайы  экскурсия да ұйымдастырылды. Саяхат барысында командалар Ауған соғысы ардагерлері аллеясы мен  Сұлтанмахмұт Торайғыров саябағының және әйгілі Мәшһүр Жүсіп мешітінің тарихымен танысты. Одан әрі Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына бағытты бұрған байқаушылар, қаланың басқа да  мәдени ошақтарын аралады. Айта кетейік, болашақ тілшілер додасы әлі де жалғасуда. Жүлдегерлер жарыс соңында анықталып, арнайы сыйлықтармен маратталатын болады.


Нұрлан Әбдікәрім. Тараз қаласы







Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив