Абай атындағы №26 орта мектебінің жанынан құрылған қамқоршылық кеңесінің төрағасын сайтау туралы хаттамасы
Тараз қаласы
Хаттама №1
Өткізілген күні: 25.01.2019 жыл
Өтетін орны: Мектептің акт залы
Қатысқандар саны: Қамқоршылық кеңестің мүшелері-15
Хатшы-1
Күн тәртібінде:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының» 5- тармағын басшылыққа алып, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы М.Жинақбаеваның 2019 жылдың 11 қаңтар айындағы №31 бұйрығымен Абай атындағы №26 орта мектебі жанынан құрылған қамқоршылық кеңес мүшесіне қабылдауға өтініш білдірген азаматтардың бекітілуі туралы бұйрығымен таныстыру.
2. Мектеп жанынан құрылған қамқоршылық кеңесінің төрағасын сайлау.
Тыңдалды:
Бірінші мәселе бойынша мектеп жанынан құрылған Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыруға жауапты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ермекбаева Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары таныстырылды.
1- тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі мен құрамы
3-тарау. Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі
4-тарау. Қамқоршылық кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі
5-тарау. Қамқоршылық кеңестің жұмысын тоқтату
Сонымен қатар Абай атындағы №26 орта мектебі атынан қамқоршылық кеңеске өтініш білдірген азаматтардың құрамға бекітілгендігі туралы бұйрығымен таныстырып, құттықтады.
Екінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің мүшелері бірауыздар төрағаны сайлады. Мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы болып 9 сыныптың ата-анасы Ержанов Бахытжан Батырбекович тағайындалды.
Ұсыныс:
1. Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне лауазымдық міндеттері таныстырылып, жоспар бойынша атқарылатын жұмыстары жыл бойы жүргізілсін.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Б.Ержанов
Хатшы: А.Ермекбаева