Хаттама № 2 Қамқоршылық кеңестің мүшелері
Тараз қаласы Абай атындағы №26 орта мектебі
Хаттама № 2
Өткізілген күні: 19.04.2019 жыл
Өтетін орны: Мектептің акт залы
Қатысқандар саны:Қамқоршылық кеңестің мүшелері-10
Хатшы-1
Күн тәртібінде:
1.Оқу жылының аяқталуына байланысты түрлі іс-шараларға, кабинеттің жөндеу жұмыстарына ата-аналар мен оқушылардан қаражат жинамау жайында шығарылған бұйрықпен таныстыру.
2. Жазғы сауықтыру лагеріне оқушыларды қамтуда жұмысты дұрыс ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
3. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің төраға алдында ІІ жарты жылдықта беретін есебін жоспарлау.
Тыңдалды:
Абай атындағы №26 орта мектебінен құрылған қамқоршылық кеңестің төрағасы Ержанов Бахытжан жиналысты ашты. Төраға мектеп директорының 2019 жылдың 19 сәуірінде №53 бұйрығымен таныстырды. Онда айтылған мәселе ата-аналардан заңсыз ақша жинамау. Оқу жылының аяғында мектептің жөндеу жұмыстарына оқушылардың ата-аналарынан қаражат жинамау керектігі айтылған. Осы бұйрықпен барлық сынып жетекші танысқанын, егерде айтылған тапсырма орын алған жағдайда тәртіптік шара қолданатындығы ескертілген. Егер ата-ана өзінің баласы оқыған кабинеттің жөндеу жұмысына демеуші ретінде ешқандай қарсылықсыз беремін деп отырса қол хат арқылы ғана іске астыны ескертілсін деп төраға бірінші мәселе бойынша сөзін аяқтады. Осы мәселені әр паралель сыныпқа жауап беретін мүше келесі аптаның 22-26 аралығында жиналыс жасап, ата-аналарға таныстырсын деп тапсырма берді.
Екінші мәселе бойынша биылғы оқу жылындағы жазғы сауықтыру лагеріне оқушыларды қатыстыру және ұйымдастыру шараларына ата-аналардың да қатысы бары айтылды. Биылғы жылы мектепте ыстық тамақпен -196 оқушы қамтылған. Олардың қалалық лагерге бармайтын оқушылары маусым айының 20 күндік лагерінде тегін тамақ ішеді. Ал қалған оқушылар өз қалауымен, ерікті түрде лагерьге таңертең сағат 9.00 -ден 13.30- ға дейін лагерьдің тек іс-шаларына және ойын-сауығына қатысып кетуіне болады. Ал ақылы лагерьге баламды қатыстырамын десе баланың күндігі тамағының бағасы -450 теңге екенін және ол қаражат алдын - ала жиналатындығы айтылды. Үшінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес мүшелерінің отырысы мамыр айының 23 -де болатындығы және әр мүше өздерінің жүктелген міндеті бойынша төраға алдында есеп беретіндігі жоспарланып, ескертілді.
Ұсыныс:
1. Мектептегі түрлі іс-шараларға, мерекелік кештерге және оқу жылының аяқталуына байланысты жөндеу жұмыстарына ақша жинамау туралы шығарылған бұйрығын әр сыныптың ата-аналарына түіндіру және таныстыруқамқоршылық кеңес мүшелеріне жүктелсін.
Шешім:
1. Әр сыныпта өткізілген ата-аналардың жиналысының хаттамасы және ата-аналардың мектепте шығарылған бұйрығымен танысқандығы туралы қолхаты 26 сәуір күні қамқоршылық кеңестің хатшысы А.Ермекбаеваға жиналып,тапсырылсын.
Қамқоршылық кеңестің төрағасы: Б.Ержанов
Хатшы: А.Ермекбаева