11
январь
2019
"Жемқорлыққа қарсы күрес" сыныптан тыс жұмыс
Бүгін мектебімізде 9 сыныптар арасында "Жемқорлыққа жол жоқ" атты сыныптан тыс іс-шара өтті.
Мемлекеттік органдарда сыбайлас – жемқорлыққа жол бермеу мақсатында түрлі шаралар қабылдануда. Дегенмен, ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже жоқ. Жемқорлық – қоғамдық дерт. Сондықтан онымен күресті тек Үкімет пен мемлекеттік құзырлы органдардың міндеті деп қарамай, Қазақстан Республикасының әр азаматы өз борышы санауы керек. Сонда ғана жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болмақ.
Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.