24
декабрь
2025
ИНТЕРНЕТТЕ ҚАУІП ТӨНГЕНДЕ ОҚУШЫ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
1. ТОҚТА ❗
- Қорқытатын, мазақтайтын немесе күмәнді хабарлама келсе
👉 Жауап берме
👉 Ашуланып жазба
Есіңде болсын: жауап беру – қауіпті күшейтеді.
2. САҚТА
- Хабарламаны, жазбаны немесе скриншотты өшірме
- Дәлел ретінде скриншот жасап қой
📌 Бұл сені қорғауға көмектеседі.
3. БҰҒАТТА
- Қорқытқан немесе күмәнді аккаунтты блокта
- Шағым (Report) батырмасын пайдалан
4. АЙТ
ЕШҚАШАН, ЕШКІМГЕ айтпай жалғыз қалма!
Келесі адамдардың біріне міндетті түрде айт:
- ата-анаңа
- сынып жетекшісіне
- мұғалімге
- мектеп психологына
Айту – әлсіздік емес, қауіптен қорғану.
5. ТЕКСЕР
- Парольдерді ауыстыр
- Құпиялылық баптауларын тексер
- Бейтаныс адамдарды өшір
6. ҚАЙТАЛАНБАУЫ ҮШІН
- Жеке деректерді жариялама (логин мен пароль, телефон нөмірі, мекенжай, жеке фотосуреттер, оқу орнына қатысты мәліметтер)
- Бейтаныс адамдармен сөйлеспе
- Күмәнді сілтемелерді ашпа
❗ ЕСІҢДЕ БОЛСЫН:
- Интернеттегі қауіп - сенің кінәң емес
- Үндемеу - қауіпті күшейтеді
- Көмек сұрау - дұрыс шешім
ҚЫСҚА НҰСҚА (есте сақта!)
ТОҚТА → САҚТА → БҰҒАТТА → АЙТ → ТЕКСЕР